Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Тілеубаевтар әулетінің жалпы еңбек өтілі - 110 жыл

Павлодардағы Тілеубаевтар әулеті 110 жылдан бері Гиппократ антын абыроймен атқарып келеді.
Павлодар08 Маусым , 00:00

Әулеттен ақ халатты алғаш болып киген отағасы Абылайхан Тілеубаев Г.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында офтальмология орталығында дәрігер-ординатор болып қызмет етеді.

«Маған дейін біздің әулеттен дәрігер шыққан емес. Неге дәрігерлікті таңдадың десеңіз, айтайын. Мектепте оқып жүрген кезімде бұғанамды сындырып алдым. Ауылдағы ауруханаға түсіп, мені сол кездегі бас дәрігер Мұрат ағай емдеді. Мүмкін, сол кезде алғаш ой дәрігер болу туралы келген », - деп еске алады Абылайхан Тілеубаев.

Абылайхан бала кезінде өте қайсар мінезді болған көрінеді. Семейдегі медицина институтына түсе алмай, бір жыл дайындалып келер жылы қайта тапсырып, ақыры түседі. Білім ордасында ол болашақ жары Ғалиямен танысады. Институт қабырғасында жүргенде екеуі отау құрып, тұңғыш балалары Қасымхан өмірге келеді.

«Біз екінші курста таныстық. Уақыт өте келе өмірде серік болар жалғыз адамның осы Абылайхан екенін түсіндім. Біз көп уақыт бойы достасып жүрдік. Жиі қыдыратынбыз, бір сөзбен айтқанда, өте тәтті кездер еді ол уақыттар. Бесінші курста той жасадық. Алтыншы курста Қасымхан дүниеге келді», - дейді Ғалия Тілеубаева.

1977 жылы Семей медициналық интһститутын бітіргеннен кейін жас отбасы Павлодарға келіп мамандықтары бойынша жұмысқа орналасады. Төрт жылдан кейін Железинская ауданының орталық ауруханасына ауысады.

«Ғалия неврология саласына маманданған. Ал мен өзімді хирург ретінде көретінмін. Алайда біз барған жерде хирургтың бос орыны болмады. Тек қана невропотолог пен офтальмологтың ғана орны болды. Бастапқыда басшылықпен көп ренжістім. Ауруханадағы жасы үлкен дәрігерлер маған ақыл айтып, жөн көрсетті. Сөйтіп осы мамандықпен жұмыс істей бастадым. Бірақ бұл үшін ешқашан да өкінбеймін», - деп сыр шертеді Абылайхан Тілеубаев.

1982 жылы Тілеубаевтар Павлодарға қайта оралады. Абылайхан Г.Султанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасында офтальмолог болып қызметке кіреді. Міне, содан бері 36 жыл осында еңбек етіп келеді.

«Бүгінде біз офтальмология бөлімінде көз хирургиясына имплантациялық жолмен ота жасауды қолға алдық. Глаукоиға қарсы лазерлік операция жасап жатырмыз. Соңғы жылдары бізде бұрындары түсімізге де кірмейтін қондырғылар әкелінді. Республика көлемінде саусақпен санарлық қана жерде бар оптикалық көз томографын алдық. Лазерлі аппарат, микроскоп, тігіссіз ота жасайтын машиналар бар. Соған сәйкес енді көптеген емді өзіміздің ауруханада жасауға мүмкіндік алдық. Бұдан былай облыс тұрғындары емделу үшін сыртқа шығып әуре болмайды», -  дейді АбылайханТілеубаев. 




Яндекс.Метрика