Ұлттың денсаулығы

Семейде пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты өтуде

Семейде пауэрлифтингтен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионаты өтуде, спорттың бұл түрі соңғы жылдары кеңінен таралуда, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан16 Шілде , 15:35

Семейдегі пауэрлифтинг чемпионаты алғашқы рет ұйымдастырылуда және спортшылардың көптігімен бұрынғылардан ерекшеленеді. Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен дерлік спортшылар қатысуда.

Хабарламада айтылғандай, спортшылар допинг-бақылауынан өтті.

Чемпионат 20 шілдеге дейін жалғасын табады. Жарыс қорытындысымен Азия мен әлем чемпионатына қатысатын республика құрамасы жасақталады. 




Яндекс.Метрика