Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Омарташылықты кәсіп еткен Буньковтар әулеті (жалпы еңбек өтілі 215 жыл) ісін кеңейтуде

Шығыс Қазақстандық омарташы Буньковтардың үш ұрпағы ара өсірумен шұғылданып келеді.
Шығыс Қазақстан03 Шілде , 00:00

«Еңбекқор аралар бізді де аянбай тер төгуге үйретті. Олар таң атқаннан күн батқанға дейін тынымсыз еңбек етеді. Біз де соған бейімделгенбіз. Ерте тұрып, кеш жатамыз. Өйткені омарташылық оңай кәсіп емес. Базбіреулер айтып жүргендей, ұя жасап қойсаң, аралар бәрін әкеп бере салмайды. Мүлде олай емес. Араларға күтім жасап, олардын сырқатын емдеу керек. Таңнан кешке дейін тізе бүкпей еңбек етеміз. Мұнда сонда ғана бір нәрсеге қол жеткізуге болады. Үздіксіз және жұдырықтай жұмыла іске кірісу қажет. Біз күйеуіміз екеуміз бұл кәсіпті өткен ғасырдың 70-ші жылдарында қолға алғанбыз. Аралар біздің досымыз әрі дәрігеріміз. Сырқаттанып қалсақ емдейді», - дейді әулеттің негізін қалаушы омарташы Капитолина Бунькова.

«Мен ата-анамның араларды қалай күтіп ұстайтынын бала күнімнен көріп өстім. Қолымнан келгенше көмектесетінмін. Ержеткен соң бұл іске мен де араластым. Тіпті жұрт кіріс болмаған соң омарташылықты қойып, басқа іспен айналысып кеткен сонау тоқсаныншы жылдардағы қиын кезеңдерде де біз араларды тастап кеткен жоқпыз. Олар біздің еңбегімізді еш кетірмеді. Қазір біз араларды ата-анамыздан бөлек өсіреміз», - деп атап өтті Капитолина Бунькованың ұлы Евгений Буньков. 

«Мен бұл кәсіпке қатты қызығамын. Жалпы 4-5 жасымнан аралармен бірге келе жатырмын. Ата-әжемнен, әкемнен омарташылықтың қыр-сырын үйреніп алдым. Уақыты келгенде ауылшаруашылығы колледжіндегі омарташылық мамандығына оқуға түстім. Бұйыртса биыл тәмамадаймын. Менің жарым да бұл шаруаның басы-қасында жүр. Екеуміз үлкен жоспар құрып жатырмыз. Омарта базасында Шығыс Қазақстандағы алғашқы апитерапия орталығын ашқымыз келеді», - деп толықтырды Станислав Буньков.

Міне, осындай еңбек әулеттері бүгінгі ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақты және мызғымас кепілі болып табылады. Олар жаһандық проблемалар жағдайында мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосады деуге толық негіз бар.




Яндекс.Метрика