Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Вахрамеевтер әулеті: Жалпы еңбек өтілі 207 жыл (ФОТО)

Петропавлда Вахрамеевтер әулеті темір жолда 207 жыл еңбек еткен.
Солтүстік Қазақстан11 Маусым , 00:00

Әулеттің негізін қалаушы Александр Тимофеевич Вахрамеев Оңтүстік Орал темір жолы локомотив депосында 42 жыл жұмыс істеді. Соғыстан кейін Александр Вахромеев теміржолға келіп, пеш жағушыдан бастап машинистке дейінгі қызметтерді абыроймен атқарды. Онымен бірге әйелі Александра Петровна 40 жыл еңбек етті. 1976 жылы машинист Александр Вахромеев ірі апаттың алдын алғаны үшін «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. Әкенің жолын Борис Вахромеев қуды, ол 36 жылдан бері локомотив депосында тер төгіп келеді. Борис Вахромеев өмірде өте қарапайым жан болса да оның қызметтегі ерлігін әріптестері әрқашан үлгі тұтады. Қырағы теміржолшы 20 вагонды тіркеген жолаушылар пойызын апаттан құтқарып қалған. Рельстердің арасы 130 мм-ге ажырап кеткенін байқап қалған машинист шұғыл тежегішті басып, апаттың алдын алды. Сөйтіп Борис те әкесі сияқты «Құрметті теміржолшы» белгісін кеудесіне тақты. 

Бүгінде Вахрамеевтер әулетінің үшінші буын өкілдері Қорған мен Омскінің арасында пойыз тізгіндеп жүр. Олар – Борис Вахрамеевтың ұлы Александр мен немере інісі

Сергей.

Депода атақты машинистің қарындастары Тамара мен Светлана, күйеу баласы Вениамин де жұмыс істейді. Вахрамеевтер әулетінің локомотив депосындағы жалпы еңбек өтілі үш ғасырға жуықтаған. 

Қорыта айтқанда, осындай еңбек әулеттері бүгінгі ұлттық әлеуметтік саясаттың тұрақты және мызғымас кепілі болып табылады. Олар жаһандық проблемалар жағдайында мемлекеттің дамуына сүбелі үлес қосады деуге толық негіз бар.




Яндекс.Метрика