Астана күні

Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде болашақтың қаласы бой көтерді – Г.Сералы

Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде шет елдік қонақтардың таңдай қақпасына қоймайтын болашақтың қаласы бой көтерді, дейді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөде өңірлік мемлекеттік университетінің маманы Гүлшат Сералы.
Нұр-Сұлтан15 Шілде , 19:41

«Атанаға алғаш келгенде құрылыстың қарқыны менің ерекше қызығушылығымды тудырды. Мен қаладан көкпен таласқан тиік ғимараттар мен өзінше ерекшеліктерге ие сәулет өнерінің туындыларын көремін деп күтпеген едім. Мен қашанда өзімнің елімді мақтан етемін, Президентімізді осындай деңгейге жеткізгені үшін құрметтеймін», - дейді Г.Сералы.

Мұнда шығармашылыққа шабыт беретін, жас таланттарға жігер беретін ерекше ауан бар, дейді ол.

«Елордамыз жетістіктер мен жастардың қаласы. Астана бүгінгі таңда шексіз мүмкіндіктер мекені болып атала бастады. Сол себепті де қала еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастарды өзіне тартады. Олар өздерінің болашақтарын Астанамен байланыстырады. Бұл Қазақстанның үлкен әлеуетінің белгісі», - дейді Г.Сералы.

 




Яндекс.Метрика