Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Сорокиндер-Левановичтер әулеті: Жалпы еңбек өтілі – 586 жыл (ФОТО)

Петропавлда Сорокиндер-Левановичтер әулеті темір жолда 586 жыл еңбек еткен.
Солтүстік Қазақстан19 Маусым , 00:00

Әулеттің негізін қалаушы Григорий Степанович Сорокинді тағдыр аз сынамады. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатысушысы әскерден елге оралған соң Петропавл стансасының депосына слесарь болып жұмысқа орналасты. 1918 жылдың маусымында чех көтерілісі кезінде тұтқындалды. 1920 жылы Петрококтың бірінші құрылысшысы атанып, еңбекке қайта араласады. Құрылыс аяқталғаннан кейін еңбек жолын депода машинист болып жалғастырды. Темір жолда онымен бірге әйелі Марианна Сорокина 40 жыл еңбек еткен. 1929 жылы темір жол техникумын тәмамдаған Яков Сорокин әке салған сүрлеумен паровоз депосына жұмыс істеуге келеді. Жас маман 37 жылдық еңбек өтілінде машинистен инженер-әдіскерге дейінгі жолды жүріп өтті. 

Яковтың арқасында Левановичтер әулеті Сорокиндер әулетімен тығыз қарым-қатынас жасай бастады. Сорокиндер-Левановичтер темір жол династициясын жалғастырушы Надежна Яковлевна Шильдтің айтуынша, Леванович отбасы Петропавлға көшіп келіп, дәстүр бойынша темір жолда жұмыс істеген. Ағайынды Петр және Антон Левановичтің жұмысын бір-бірінен бөле-жара қарауға болмайды, олар вокзалдың маңында тұрды. Тату отбасының бір-біріне әрқашан есігі ашық еді, жазда самаурыннан шәй ішіп, әңгіме-дүкен құратын. Петр Левановичтің отбасында 6 бала болды, оның 5-уі темір жолда тер төкті. Антон Станиславовичтің ұлдары – Владимир мен Анатолий де паровоз депосында қызмет етті. Сорокиндер мен Левановичтер әрқашан бірінші болуға ұмтылды. Левановичтер отбасы мүшелері стахановтар қозғалысының пионері болды. Олар алғаш болып салмағы ауыр пойыздарды тізгіндеді. Қажырлы еңбегі үшін Антон Леванович «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды. 

Левоновичтер отбасы 1937 жылы Сталиннің қаһарына ілігіп, 1937 жылы тұтқындалады. Алайда 1942 жылы олардың ісі қайта қаралып, бостандыққа шығады. 1989 жылы олардың барлығы ақталды. 

«Мен темір жолда 41 жыл талмай еңбек еттім. Новосібір темір жол көлігі инженерлері иститутын аяқтаған соң экономист мамандығына ауыстым. Мен өз әулетімді мақтан тұтамын. Біздің отбасымыздың темір жолдағы жалпы еңбек өтілі 586 жылды құрайды», - дейді Надежна Яковлевна Шильд.




Яндекс.Метрика