Қазақстан - жалпыға ортақ еңбек қоғамы

Оспановтар әулеті: Жалпы жұмыс өтілі 177 жыл (ФОТО)

Міне, 180 жылдан бері Оспановтар әулеті теміржолда еңбек етіп келеді.
Ақмола09 Маусым , 00:00

«Негізі, әкемнің еңбек өтілі құжатта көрсетілген мерзімнен ерте басталған: ол 16 жасынан бері еңбекке араласты – жол бұрушы, станса бойынша кезекші, «Дәуіт» стансасының басшысы. Кейіннен оны Шағлыға ауыстырды, содан соң, біз Көкшетауға көшіп барғанда – қозғалыс ревизоры етті. Зейнетке шыққаннан кейін вахташы боп қызметке орналасты: теміржолдағы қарбалас тірлікті қатты сағынатын...», – дейді Меңдібай Оспанұлының қызы Әмина. 

«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-да Әмина Меңдабеваны еңексүйгіштік, жауапкершілік, адалдық, адамгершілік мен өз кәсібіне деген махаббаты бойына сіңіре білген бағалы қызметкер деп санайды. Меңдібай Оспанұлының жары Үмітжан Оспанованың «темір» еңбек өтілі – 30 жыл, ол жүк қабылдау-өткізу орнында жұмыс істеген. Ал Оспановтар әулетінің келіні Тамара Яковлевна теміржол кассасында кассир қызметін атқарып, 32 жыл өмірін жолға арнады. Қазір зейнетке шыққан. 

«Мереке Меңдібайұлы ағамыз «отбасылық кәсіпке» 37 жылын арнады: бастапқыда «Москвия – 412» жүргізушісі, маневрлі диспетчер, пойыз құраушысы болды, қазіррі уақытта еңбек етуді жалғастырып келеді. Айта кетсек, оның баласы, менің немере інім Руслан Мерекеұлы пойыз құраушысы қызметінде еңбектенуде», – деп жымиды үй иесі отбасылық альбомды ақтарып отырып. 

Әмина Меңдібаева теміржол саласына қатысы жоқ, оның өз жолы бар деп сенген болатын. Бірақ, тағдырдың жазуымен бұл сала отбасындағы жалғыз қыздың өміріндегі басты жолға айналды. 

«Әкем кей уақытта мүмкін келерсің дегендей етіп, сұрап қоятын... Бірақ мен әркез үзілді-кесілді бас тартатынмын: ұнамайды, менің жолым емес, – деп еске алады Әмина Меңдібаева. – Ал сауда құрдымға кеткен шақта, келдім. 1993 жылы парк бойынша кезекші боп жұмыс жасадым, ол кезде сол қызмет дабылшы деп аталатын. Кейіннен орталықтандырудың стансалық бекет кезекшісі болдым. «Операторлық» жұмыс маған ұнады. Бүгін, 20 жыл өткен соң, көңілде таңданыс пен қуаныш бар – түймені басатын қарапайым әрекеттен айналадағының қалай өзгереді десеңізші – жолаушылар келеді, жүктер аттандырылады... Қозғалыс – бұл өмір!»




Яндекс.Метрика