Қалыптасқан Қазақстан

Қазақстан 2050 жылға дейін сәтті дамуға мүмкіндігі мол мемлекет болып есептеледі

Қазақстан 2050 жылға дейін сәтті дамуға мүмкіндігі мол мемлекет болып есептеледі. Бұл жайында Қазақпарат мәлімдеп отыр.
Казахстан28 Маусым , 00:00

"Дағдарыс алдындағы әлем институты" деп аталатын сараптамалық орталық жүргізген "Болашақ-2050: әлемнің саяси-экономикалық жаңа картасы" атты зерттеуінде біздің ел жайында омылай деген. Зерттеуге 68 елден 303 сарапшы қатысқандығын айта кету керек.
Қатысушылардан G20 ұйымына кірмейтін, бірақ 2050 жылға дейін сәтті дами алатын елді көрсетіңіз деп сұраған. Жауап берген мамандардың пікірлері сан қилы болғандықтан, тізімге тек 5 пайыздан жоғары дауыс жинаған мемлекеттер кіргізілді. Алғашқы бестікте Иран, Вьетнам, Нигерия, Малайзия және Қазақстан бар. Еліміз посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттер арасынан бұл тізімге жалғыз болып еніп отыр. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика