Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады – сарапшы

Ресей Н.Назарбаевты қазақстандық мемлекеттіліктің авторы ретінде қарастырады. Саяси сарапшы, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің кафедра меңгерушісі Алан Касаев Қазақстан Президентінің жаңа Жолдауына қатысты пікірін осылай деп жеткізді.
Әлемде21 Желтоксан , 00:00

Елордада кеше «Қазақстан - 2050 Стратегиясы»: ішкі және сыртқы саясаттағы перспективалық мақсаттар» деген тақырыпта Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған еліміздің жаңа саяси бағытының негізгі мақсаттарына бағытталған халықаралық конференция болып өтті.

Парламент Мәжілісінің ұйымдастыруымен өткен форумға Болгариядан, Германиядан, Түркиядан, Ресейден және басқа да елдерден танымал ғалымдар, сарапшылар, саясаткерлер мен парламент өкілдері қатысты.

Тоқтала кететін жайт, Елбасының «Қазақстан - 2050 Стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» еліміздегі ең маңызды тарихи оқиғаға айналғаны анық. Тарихи құжат Қазақстаннан тысқары, әлемдік қауымдастықтың беделді сарапшылары арасында кеңінен талқылануда. Ал онда «Жақсы білім, лайықты еңбек, зор болашақ» секілді ілгері міндеттер қамтылғандықтан, нақты міндеттер арқылы қазақстандықтардың бұл арманы 2050 жылға дейін іске асатын болады. Бұл межеде Мемлекет басшысы жүктеген міндетке сәйкес, Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына кіруге тиіс. Ал сарапшылардың пікірінше, шын мәнінде, бұл Құжат Қазақстан тарихының жаңа дәуіріне жол ашты. Құжаттың өмірге келуі де кездейсоқтық емес. Тек қалыптасқан мемлекет қана, ұзақмерзімді дамумен, экономикалық өсіммен, жоспарлау саясатымен айналысады.

«Нұрсұлтан Назарбаевты Ресейліктер Қазақстан мемлекеттілігін құрған адам деп біледі. Мәселен, Қазақстанның тәуелсіздік алған 21 жыл ішінде 14 мың шақырымды қамтитын мемлекеттік шекарасын нақтылап алғанының өзі қаншалықты. Бұл әрбір метрдің болуға тиіс талаппен сәйкес келгендігі, себебі, шекараның ешқандай жері дау-жанжал тудырған жоқ.  Бұл өте маңызды.  Әлемде, өзінің көршілері арасында дау-жанжал жоқтығымен мақтанатын елдер аз. Бұл теңдессіз жетістік. Нұрсұлтан Назарбаев - өзінің стратегиялық ойлау қабілетімен, саяси-экономикалық батыл қадамдарымен Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына енгізген, енді алғашқы 30-дың қатарына кіргізуді мақсат еткен әлемдік деңгейдегі, ірі саясаткер. Меніңше, бұл мақсат та ойдағыдай табысты орындалады», - деген ойын ортаға салды Ресейден келген саяси сарапшы, Мәскеу Мемлекеттік лингвистикалық университетінің кафедра меңгерушісі Алан Касаев.




Дерекнама

Яндекс.Метрика