Өңірлік қауіпсіздікті нығайту

Еуразиялық экономикалық одақ – Ресейдің жаңа империя құру әрекеті емес – сарапшы

Еуразиялық экономикалық одақ – Ресейдің жаңа империя құру әрекеті емес. Бұл туралы бүгін НАТО әскерін Ауғанстаннан шығарғаннан кейінгі Орталық Азия қауіпсіздігі мәселесін талқылау жөніндегі «дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәжілісінде ММУ посткеңестік кеңістікте қоғамдық-саяси үдерістерді зерттеу ақпараттық-талдамалық орталығының директоры Алексей Власов мәлім етті.
Әлемде26 Мамыр , 00:00

«Еуразиялық экономикалқ одақ – посткеңестік елдерге арналған өз алдына жаңғыртылған жоба. Ықпалдастық – қажеттілік пен уақыт талабы. Алайда ықпалдасудағы басты түйткіл, ол қоғамдық жобаға айнала алмады. Енді саяси және экономикалық жобаларды біріктіретін кез келді. Ол үшін ТМД елдерінің жұртшылығын ЕЭО аясындағы ықпалдастықтың тиімділігі туралы құлақтандыру қажет», - деп атап өтті ол. 

А.Власов Қырғызстан мен Қазақстанда Ресей мен Беларус елдерімен салыстырғанда ЕЭО аясындағы ықпалдастық туралы ақпараттандыру жұмыстары баяу жүретіндігін атап өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, Бішкекте өткен «дөңгелек үстел» барысында ҰҚШҰ елдерінің сарапшылары НАТО әскерін Ауғанстаннан шығарғаннан кейінгі Орталық Азия қауіпсіздігі мәселесін талқыға салды. 




Яндекс.Метрика