Тұрақсыз әлемдегі Gglobal Қазақстан

«G-Global» платформасында АЭФ мен ДДК-ға арналған онлайн-жоба іске қосылды

2013 жылғы 19 сәуір мен 19 мамыр аралығында «G-Global» халықаралық платформасында онлайн режимде «VI Астана экономикалық форумы мен Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция» (АЭФ мен ДДК) виртуалды жобасы іске қосылады. Бұл жөнінде «SUCCESS K» Медиа-агенттігі хабарлайды.
Астана қаласы16 Сәуір , 00:00

«Жоба аясында әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен іскер адамдар алдағы форум мен конференцияның бағдарламасы мен тақырыбын виртуалды түрде талқылайды. Негізінен, «G-Global» алаңындағы виртуалды диалогқа қазіргі заманғы атақты ғалымдар, оның ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары, бизнес-қауымдастықтардың өкілдері мен мемлекет қайраткерлері қатысады», – делінген хабарламада. 

Аталған интернет-жобаның мақсаты – әлемдік және ұлттық экономикалардың даму келешегіне қызығушылық танытатын азаматтардың ғылыми-интеллектуалдық, талдамалық, кәсіби және өзге де аудиториясын кеңейту.




Яндекс.Метрика