Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Әлемдік дағдарыс 5-7 жылға созылады – сарапшы

Әлемдік дағдарыстың әрі қарай қалай өрбитіндігі жайында журналистерге ресейлік экономист және публицист Михаил Хазин айтып берді.
Әлемде18 Шілде , 00:00

«Дағдарыстың шарықтау шегі туралы айту қиын. Өйткені ол көптеген факторларға байланысты, тіпті экономикалық факторларға байланысты болмауы да мүмкін. Көптеген факторлар бар. Бізде әлемдік экономикалық дағдарыс 2008 жылдан басталды. Біз енді ақырын төмендей береміз, кейін бірден құлдырау басталады да, артынша қайта ақырын төмендеу процесі жүреді. Шындығында, кері процестер кем дегенде 5-8 жылға созылуы мүмкін. Ал, жоғарыға қайта шығу тек аймақтарды қалыптастыру жағдайында ғана орын алуы ықтимал» деді Михаил Хазин.

Михаил Хазин – ресейлік экономист, публицист, теле және радиожүргізуші. 1962 жылы дүниеге келген. 1979 жылы Ярослав мемлекеттік университетіне оқуға түскен. 1980 жылы Мәскеу Мемлекеттік университетіне ауысты және 1984 жылы механика-математика факультетін тәмамдап шықты. 1984-91 жылдар аралығында КСРО ҒА жүйесінде қызмет атқарған. 1992 жылы ЭЛБИМ банктің сараптама бөлімін басқарды. 1993-98 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте. Ол 2002 жылдан бері «Неокон» компаниясының президенті.




Яндекс.Метрика