Инфрақұрылымды дамыту

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізі болашаққа бастайды – сарапшы

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі тек экономикалық тұрғыда пайда алып келмейді, сондай-ақ, Кедендік одақты күшейте түспек. Көлік және жол шаруашылығы жұмысшылары халықаралық кәсіподағының төрағасы Александр Шуриков осылай дейді.
Әлемде30 Тамыз , 00:00

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» – болашағы үлкен жол. Ол мемлекеттерге керек, Еуропа мен Қытай секілді екі өндірістік аймақты жалғайды. Ал, Қытайдың ерекше дамып келе жатқандығын өздеріңіз білесіздер. Демек, бұл жол үлкен мөлшердегі жүк айналымының негізіне айналады деген сөз. Соның нәтижесінде Кедендік одақты күшейте түспек. Оның үстіне Одақ бүгінгі таңда автокөліктердің алдында кедергі болып келген қаншама жемқорлық бөгетті жойды» дейді ол.

Кәсіподақ төрағасының айтуынша, Орта Азиядан Қытайға ағылған көліктер легі Кедендік одақтың нығая түсуіне қосымша себеп болмақ.

Ал, жол бойы инфрақұрылымы Ресейде енді ғана қолға алынып отыр дейді Шуриков. Нақтысын айтқанда, жол мәселелерін шешу елдің 2019 жылға арналған көлік стратегиясына енгізілген.

Естеріңізге салайық, Қазақстан 27 тамызда басталған «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автошеруіне қатысуда. Біздің елден бөлек бұл жобаға Кеден одағының мүшелері – Ресей мен Белорусь елі де тартылған. Қатысушылардың жалпы саны – 55 адам. Автокеруен қатарына 10 көлік пен 1 жол зертханасы кіреді. Олар үш елдің жолының сапасын тексермек. Автошерудің өзі болса 7 қыркүйек күні Қазақстан мен Қытай шекарасындағы Хоргос қаласында өз мәресіне жетеді.




Яндекс.Метрика