Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Канада мал шаруашылығында Қазақстанмен алдыңғы қатарлы технологияларымен бөліседі

Қазақстанның бизнесі мал шаруашылығында Қазақстанмен алдыңғы қатарлы технологияоарымен бөлісуге дайын. Бұл жайында Канаданың қаржы министрі Тед Мензис V Астана Экономикалық форумы барысында мәлімдеді. Жиында ол Қазақстан экономикасының аграрлы секторының басшыларымен кездескен болатын.
Әлемде23 Мамыр , 00:00

«ҚазАгроФинанс» компаниясының баспасөз қызметі хабарлағандай, форум барысында Тед Мензис еліміздің мемлекеттік структураларының басшыларымен кездесу өткізген. Бұл кездесу кездейсоқ өтіп отырған жоқ. Өйткені, Канада тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында болып жатқан жаңалықтардың барлығынан хабардар және тың жобаларда бірлесе жұмыс істегенді қалайды. «ҚазАгроФинанс» болса Қазақстанның агрария саласындағы негізгі қаржы инстиуты болып табылады. Ол канадалық кәсіпкерлермен және кәсіпорындармен тығыз байланыста. Компания 2004 жылдан бастап агрария секторындағы канадалық өндірушілермен және тасымалдаушылармен серіктестік орнатқан.

Мензис мырза айтқандай, канадалық компаниялар Қазақстанда «ҚазАгроФинанс» компаниясымен ауылшаруашылық техникаларын тасымалдауда жемісті жұмыстар атқарып келеді. Алайда, қазір екі тарап мұнан өзге де жобаларды біріге атқаруға қауқарлы. Канадалық бизнес мал шаруашылығында, жем өндірісінде, бидайды өңдеу технологиясын ендіруде алдыңғы қатарлы технологияларымен бөлісуге дайын.

«ҚазАгроФинанс» қазіргі таңда Buhler Industries, Morris Industries, MacDon Industries, Alta Exports International, CanAgro Exports, Xports International, Friesvale Farms International сынды канадалық ірі тасымалдаушылармен және өндірушілермен сәтті жұмыс істесіп келеді.




Яндекс.Метрика