Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

G20 шеңберінде әлемдік жаңа ақша-несие жүйесін құру қажет - Нобель лауреаты Р.Манделл

Дағдарысқа қарсы шаралардың бірі әлемдік жаңа ақша-несие жүйесін құру болар еді, деп хабарлады экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Манделл Дағдарысқа қарсы Дүниежүзілік конференциясының және VI Астана экономикалық форумының (АЭФ) пленарлық отырысының салтанатты ашылуы барысында.
Әлемде19 Мамыр , 00:00

«Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Санкт-Петербургтегі G20-мен кездесуінде дүниежүзілік ақша-несие жүйесін жақсарту мәселесін көтеруді ұсындым. Жүйе құруға мүмкіндік беретін комитет құруымыз керек, өйткені біз әлі де Бреттон-Вуд тәртібінің шеңберінде әрекет етеміз, бірақ жүйенің өзі бұрын жоғалып кеткен. G20 шеңберінде жұмыс жасайтын жүйе құру керек және үлкен және кіші елдерді қосу қажет»,- деді Р.Манделл.

Оның пікірінше, модификацияларға сәйкес келетін Бреттон-Вуд өзіндік реформаланған жүйесіне айналуы мүмкін. Оның салдары ретінде, Нобель лауреатының айтуынша, жаңа әлемдік валюта жасау керек.

«АҚШ доллары Бреттон-Вуд жүйесі шеңберінде негізгі валюта болатын. Еуроаймақ құру, еуро енгізу долларлық емес жүйе үшін негізді анықтады. Жаңа блоктар құрылған, олар әлемдік экономиканың 40%-ын құрайды», - деп жалғастырды атақты экономист. 

«Бір айырбастау курсын белгілеуге болады, мысалы, күміс пен алтынға бағалар, бірақ оны жасау қиын, сондықтан АҚШ пен еуропалық Центробанктің федералды резервтік жүйесімен арасындағы ақшалай ынтымақтастығын келісу қиынға соғады», - деп өз ойымен бөлісті Р.Манделл.




Яндекс.Метрика