Дамыған 30 елдің қатарына ену талаптар мен көрсеткіштер

Әлемнің дамыған 30 елі қатарына кіру – Қазақстан үшін қолжетімді мақсат

Әлемнің дамыған отыз елінің қатарына ену – Қазақстан үшін қолжетімді мақсат. Бұл жайында IV АЭФ аясында өткен «Әлемнің дамыған 30 елінің қатарына Қазақстанның енуі концепциясы» атты сессия барысында экономика саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанған Гонконг университетінің профессоры Джеймс Миррлис мәлімдеді.
Әлемде22 Мамыр , 00:00

«Әлемдегі алдыңғы қатарлы 30 елге қандай баға беруге болады? ЖІӨ-нің есебін келтіре отырып, балл беруге болады. Қазақстан бұл тұрғыда 49 орынға ие. Яғни, отыздықтан әлі алыстау. Мемлекеттің алдында экономикасы дамыған және дамымаған бірнеше ел бар. Егер дамыған елдерді санамайтын болсақ Қазақстанға аса қиын емес. Алайда, ол топқа кіру үшін бір мемлекетті ішінен ығыстырып шығару керек. Бүгінде БҰҰ азаматтар теңдігі сақталмаған елдердің тізімін жасады, бұл өз алдына бір жеңілдік іспетті. Енді Қазақстанға отыздықтан шығаруға болатын елдердің тізімін дайындау керек. Греция мен Кипрдің кешегі экономикалық жағдайлардан кейін ол тізімге кіре алмайтындығы белгілі. Мұнан кейін тағы 13 елдің үстінен «аттап» өтуге болады. Менің пікірімше, Қазақстанның аймақтағы ықпалы, елдегі саяси жағдай, білім беру саласының дамуы бұл биікті бағындыруға септігін тигізеді. Мальта, Кипр, Исландия, Люксенбург елдерінде жан басына шаққанда ЖІӨ-нің көрсеткіші төмен.  Осы елдерді секіріп өту керек. Қысқасы, Қазақстанды отыздыққа кіру үшін үлкен күрес күтіп тұр» деді Джеймс Миррлис.




Яндекс.Метрика