Макроэкономикалық саясатты жаңғырту

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты «алтын стандартына» оралуды мүмкін емес депт ойлайды – ІІІ АЭФ

Экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Финн Е.Кидланд әлемдік валюта жүйесін «алтын стандартқа» оралмайды деп есептейді. Бұл жайында ол ІІІ Астана экономикалық форумы кезінде мәлімдеді.
Әлемде18 Маусым , 00:00

«Мен мұны мүмкін емес деп ойлаймын. Менің ойымша, «алтын стандарт» 90-шы жылдардағы секілді капиталды сақтау үшін жұмыс істейді. Елдер бұл үшін бастарын ауыртпауы керек» деді Ф.Кидланд.

Алтын стандарт – ақша айналымының негізі және жалпы эквиваленті болып тек алтын қолданылатын ақша жүйесі. «Алтын стандарттың» классикалық қалыбы алтын монеталық стандарт болып табылады.

Қазіргі таңда АҚШ долларының әлемдік өзге валюталарға шаққандағы құны төмендеуі салдарынан және еуроның тұрақсыздығынан біраз елдер АҚШ долларынан бас тартып, «алтын стандартына» қайтаоралу мәселесін көтеріп келеді.




Яндекс.Метрика