Парламент

Моноқалаларды дамыту бағдарламасы Қарағанды облысы үшін аса өзекті – депутат А.Базарбаев

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Асқар Базарбаев аймақтарға кезекті сапары аясында «Моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде Қарағанды облысындағы Саран және Шахтинск қалаларында болды. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.
Астана қаласы22 Шілде , 00:00

Тоқтала кететін жайт, Мәжіліс депутаты Асқар Базарбаев «Моноқалаларды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» бойынша куратор болып табылады. Соған орай, депутат Саран қаласында орналасқан тоқыма өндіретін «Геополимер» ЖШС мен темірбетонды бұйымдар шығаратын «ККК Бетон» ЖШС зауытында және Шахтинскіде қайта өңдеу жүргізіліп жатқан синтетикалық жуу құралдарын шығаратын «Монета Дитерджентс» ЖШС зауытында жұмысшылармен жүздесіп, кәсіпорын жұмысымен танысты.

Депутаттың айтуына қарағанда, моноқалаларды дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты бағыты экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бұл үшін «якорлық» жобалар жапсарлас жүзеге асырылмақшы. Ал мұндай «якорлық» жобалар тек қана қайта құралған кәсіпорындар ғана емес, қалпына келтірілген кәсіпорындар да болуы мүмкін. Бұл ретте депутат А. Базарбаев бағдарлама аясында Шахтинск синтетикалық жуу құралдары зауытын қалпына келтіруге болатынын айтып, осы мақсатта инвестор табудың қажеттілігін жеткізді. Оның айтуынша, бұл мәселені жергілікті билік облыстық және республикалық органдармен бірлесе шешіп жатыр.

«Моноқала проблемасы - бұл бір немесе бірнеше (көп емес) қала құраушы, бірбейінді және шикізаттық бағыттағы қаланың экономикалық және әлеуметтік жағдайын айқындайтын кәсiпорындарда еңбекке жарамды халықтың және өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігінің шоғырландырылуы. Соған орай, жобаларды іске асыру қалай жүріп жатыр, қандай өзекті мәселе бар, соның бәрін анықтап тиісті министрліктер мен ведомстволарға ұсыныстар әзірлейміз. Осының барлығы Елбасының тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған»,- деп атап өтті депутат А. Базарбаев.

Оның айтуынша, «якорлық» жобалар әлемдік стандарттарға сай келетін жаңа өнім түрін шығаруды қолға алады.




Яндекс.Метрика