Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан логистикасы және теміржол инфрақұрылымы дамыған әлемдегі 40 елдің қатарына енуге ниетті

«Қазақстан темір жолы» компаниясы 2020 жылға дейін Дүниежүзілік банктің рейтингіндегі Қазақстанның логистикалық даму индексін 86-дан 40-шы орынға дейін көтеру мақсатын көздеп отыр.
Казахстан09 Қаңтар , 00:00

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтың қатысуымен  «ҚТЖ ҰҚ» АҚ-ның 2012 жылдың қорытындысы мен 2013 жылдың басым бағыттарына арналған кеңесте аталған компанияның басшысы Асқар Мамин мәлім етті.

Дүниежүзілік банктің логистиканы дамыту индексінің мақсатты мән-мағанасын ескере отырып, біз өзіміздің алдымызға 155 елдің ішінде 2020 жылы 40-шы орынға жету мақсатын қойдық. Ол үшін бізге орта мерзімді кезеңде, яғни 2015 жылға қарай рейтингтегі 86-шы орыннан 50-шіге ауысуды қамтамасыз ету қажет», - деді А. Мамин.

Биылғы жылдың жоспарларына тоқталған ҚТЖ басшысы, жүк айналымы жылына 236,7 млрд. көлемінде жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Сонымен қатар жолаушылар тасымалы айналымы 16 млрд. жолаушы-шақырымнан кем болмайды деп күтілуде. Бұдан бөлек кіріс 922 млрд. деңгейінде, таза табыс 125 млрд. теңгеден төмен болмайды деп болжануда.




Яндекс.Метрика