Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстан «Doing Business» рейтингінде Қытай, Түркия, Ресей елдерін қайта басып озды

Қазақстан соңғы жылдары бизнес жүргізуді елеулі жақсартқан елдердің тізіміне енді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлім етті.
Казахстан22 Қаңтар , 00:00

«Үкіметтің  бизнес климатты жақсарту бойынша жұмысының көрсеткіштерінің бірі Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі орны болып табылады.  Оның ішінде, 2012 жылы Қазақстан 185 елдің тізімінде 49-шы орынды иеленді»,-деді ол.

Министрдің атап өтуінше, 2013 жылдан бастап жыл сайын бекітілетін рейтингте Қазақстанның ұстанымын жақсарту жөніндегі барлық реформалар мен іс-шаралар Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингісінің индикаторларын жақсарту жөніндегі шаралардың кешенді жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

"Жыл сайын өзгеріп отыратын есептеу әдістемесі бойынша Қазақстан осы жылы Қытайды (91-орын), Түркияны (71-орын), Польшаны (55-орын), Ресейді (112-орын), Беларусьты (58-орын), Қырғызстанды (70-орын) басып озып,  49-ыншы орынға көтерілді", - деді министр.

Бұдан басқа, биылғы жылы Қазақстан соңғы жылдары бизнесті жүргізуді елеулі түрде жақсартқан елдердің тізіміне енді.

«Кәсіпорындарды тіркеу» сияқты индикатор бойынша Қазақстан 30 ұстанымға (55-тен 25-ке) көтерілген, бұған кәсіпорын құру рәсімдерін жеңілдету және тіркелгеннен кейінгі үш ай ішінде ең аз капитал төлеу туралы талаптың жойылуы ықпал етті.

 «Төлем қабілетсіздігіне рұқсат» индикаторы бойынша (55 орын) оңалту ісін жеделдетіп қарауды енгізу, оңалту мерзімін ұзарту, төрелік басқарушылардың өкілеттіктерін кеңейту және оларға қойылатын біліктілік талаптарын арттыру бойынша реформалар жүргізілді. Сондай-ақ, банкротқа ұшырау, кредиторлар құқықтарын кеңейту, операцияларды жалғастырумен байланысты ережелерді өзгерту, оңалту жоспарын қабылдау үшін мерзімді енгізу және сот қадағалауының талаптарын қосу жөнінде деректерді  ұсыну талаптары өзгертілді.

«Кредит алу» индикаторы бойынша Қазақстан ұстанымының едәуір ұлғайғаны байқалуда (97-ден 83-ке). Автоматты түрде оңалту рәсімдерінде болудан босату үшін жаңа негіздемелер енгізу есебінен қамтамасыз етілген кредиторлардың құқықтары нығайтылды.

2013 жылға арналған жұмыс шеңберінде «Халықаралық сауда» индикаторы бойынша сыртқы сауда саласында экспорттық-импорттық операциялар кезінде бірыңғай электрондық терезені енгізу және барлық кедендік рәсімдер бойынша тауарларды пилоттық электрондық декларациялауды енгізу жоспарланады.

«Құрылысқа рұқсат алу» индикаторын жақсарту бойынша келесі жылға жобалау-сметалық құжаттамасын келiсу рәсімдерін жетілдіру және сәулет-жоспарлау тапсырмаларын берудiң мерзімдерін ескере отырып, техникалық шарттар алу көзделді.




Яндекс.Метрика