Баланы қорғау

Қазақстанда 2015 жылдан бастап өкпе қабынуына қарсы екпе егу республика бойынша жүргізіледі

Қазақстанда 2015 жылдан бастап өкпе қабынуына (пневмония) қарсы вакциналау республика бойынша жүзеге аса бастайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Казахстан07 Тамыз , 00:00

Бас санитар дәрігердің айтуынша, Қазақстанға ұзақ жылдар бойы екпе дәрілері тек Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаттауы арқылы ғана жеткізіліп келді. Сонымен қатар, 2006 жылдан бастап елімізде ұлттық референс-зертханалар ашылып, бұл орындарда вакциналардың сапасы мен қауіпсіздігі қадағаланды. Ал 2013 жылдан бастап тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сертификаттаған екпелері де Қазақстанның ұлттық тестілеуінен өтіп келеді.

«2014 жылдан бастап өкпе қабынуын қоздырушы бактерияларға қарсы екпе еліміздің Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Алматы қаласында жүзеге асады. 2015 жылға қарай бұл инфекцияға қарсы екпе бүкіл республика бойынша жасалады», - дей келе Бас санитар дәрігер балаларға екпе егуден бас тарту туралы ата-аналар әрекетінен болатын салдарды да ескертті.

«1995 жылы елді тапшылық жайлаған тұста вакцина сатып алуға қаражат та болмады, соның салдарынан елімізде дифтерия (балалардың жұқпалы тамақ ауруы) бұрқ етті. Мыңнан астам адам жапа шегіп, 66 өлім жағдайы тіркелді. 2005 жылы 90-ы жылдардағы жағдай қайталанды. Ересек азаматтар, жасөспірімдерге де екпе жасалмаған болатын, соның салдарынан 16 мың адам қызылша шығып ауырды. Міне, осының барлығы екпеге деген ескертуді елең қылмағандықтан туындаған», - дейді Ж.Бекшин.

Оның айтуынша, балаларға арналған гемофильдік және өкпенің қабынуын тудыратын бактерияларға қарсы екпе балалар өнімін төмендетеді. Тоқтала кететін жайт, бүгінгі күні Қазақстандағы бала өлімі құрылымында тыныс алу органы ауруларынан болатын өлім-жітім 3-ші орында тұрса, оның ішінде 60 пайызы өкпе қабынуынан болатын өлімдерге келеді. 




Яндекс.Метрика