Халықаралық рейтингтегі Қазақстан

Қазақстанда саяси тәуекелділік деңгейі біршама жоғары – S&P

Халықаралық рейтингтік Standard & Poor’s агенттігі Қазақстанда саяси тәуекелділік деңгейі біршама жоғары, деп санап отыр.
Казахстан06 Шілде , 00:00

"Біздің пікірімізше, оған себеп- орталықтандыру деңгейінің жоғары болуы, саяси шешімдер әзірлеу үрдісінің мөлдір еместігі, президенттік билік сабақтастығы мәселесінің айқын болмауы", деп атап өтілген S&P-дің "Қазақстан: Республикасы: банк секторының ел ішіндегі және сала бойынша тәуекелдіктері" шолуында.

Рейтингтік агенттік талдаушыларының пікірінше, әзірге билік басында президент Нұрсұлтан Назарбаев отырған кезде саяси тұрақтылықтың бұзылу тәуекелділігі жоғары емес.

Сонымен қатар S&P Қазақстанда заңның үстемдік ету қағидасының сақталуын "әлсіз" деп бағалауда. "Сот жүйесі жылдам емес, заң нормалары әркелкі қолданылады, нормативті-құқықтық базаны дамыту деңгейі аса жоғары емес, жеке және мемлекеттік секторда сыбайластық кең ауқымда таралған", делінген хабарламада.




Яндекс.Метрика