Парламент

«Қолжетімді баспана - 2020» мемлекеттік бағдарламасы Павлодарда кең етек жайып келеді - Мәжіліс депутаты Айгүл Нуркина

Нұр-Сұлтан13 Тамыз , 00:00

ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Айгүл Нуркина «Құрылысжинақбанкі» салымшыларының ақшасымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы бойынша салынып жатқан үш тұрғын үйдің құрылысымен танысып қайтты.

Депутат мердігерлермен, жұмысшылармен, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық қадағалау қызметі мүшелерімен және де банк қызметтерімен кездесіп, бағдарламаның орындалуын барысына жоғары баға берді: «Мен бүгін жалпы ауданы 26 мың шаршыметрді құрайтын кірпіштен жасалған үш құрылыста болдым. Олардың құны 2,3 млрд теңге. Бұл тұрғын үйлер осы жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Екінші қабаттағы пәтерлерді көрдім, төбенің биіктігі 2,7 метр, кафель, еден ламинатпен қапталған. Кірген тұрғындар ешқандай да жөндеу жұмыстарын жасап әуре болмайды».

Құрылысты павлодарлық «Құрылыс», «Жәрдем» және «Керемет - ПВ» компаниялары жүргізіп жатыр.Құрылыс нарығында бұл кәсіпкерліктердің беделі жаман емес.

 




Яндекс.Метрика