Self made. Ровесники столицы

5 жылдан кейін әрбір төртінші адам елордамызды білетін болады – Д. Әжіғұлов

5 жылдан кейін әрбір төртінші біздің елордамызды білетін болады, дейді Астананың құрдасы, «Зерде» №9 дарынды балалар мектебінің оқушысы Диас Әжіғұлов.
Астана қаласы 30 Маусым, 18:48

«Менің ойымша, енді 5 жылдан кейін әрбір төртінші адам біздің елордамызды білетін болады. Өйткені 2017 жылы өтетін Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне барлық мемлекеттің көңілі ауатыны анық», - дейді Диас.

Диас Әжіғұлов жас астанамыздың қалыптасу туралы көп оқығанын айтты.

«Мен Астана атты керемет қалада өмір сүріп жатырмын. Мен өзім Қазақстан тарихын оқығанды жақсы көремін. Сонымен қатар, Астанамыздың қалыптасу тарихы туралы да көп оқыдым. Алғашқы кездері қаншалықты қиын болғанын, кейін еліміздің ордасының қандай биіктерге жеткенін біздің жақсы білеміз. Тек эконмикалық тұрғыдан емес, өзге де салалар бойынша Қазақстанның қиын-қыстау кезеңдерді артқа тастап, бүгінде еліміз өрлеу дәуіріне аяқ басып отыр», - дейді Астананың құрдасы.

Сонымен қатар, мектеп оқушысы өзінің арманын да айта кетуді жөн санады. Алдағы уақытта ол дипломат болып, Қазақстанның әлеммен бейбіт байланыс құруына үлес қоспақ ниетін де жасырмады.

«11 сыныпты бітіргенннен кейін Назарбаев Университетіне оқуға түсіп, «Халықаралық қатынастар» факультетінде дипломат мамандығын игергім келеді. Алдағы уақытта елші болғым келеді. Қазақстан бүгінгі таңда барлық мемлекеттермен достық байланыста. Енді соны жалғастырып, бүгінгі бетімізден таймау керек», - дейді оқушы.

Мереке қарсаңында Диас барша қазақстандықтар мен астаналықтарды алдағы Елорда күнімен құттықтады. 

Индира Кауметова 

Фото - Азамат Алиев 





Яндекс.Метрика