Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Н. Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралады

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астананың жасыл белдеуін аралап, оны дамыту барысымен танысты
Астана қаласы30 Маусым , 17:30

« 2020 жылға дейiн орманның ауқымын 100 мың гектарға дейiн жеткiзу жоспарда бар. Көкшетауға қарай орманға қосып, сол кезде болашата 15-20 жылдың iшiнде барлығы өз орнына келедi», - деп түйiндедi Елбасы. 

Елбасы атап өткендей, көп әңгіме болды «мына жерде ештеңе шықпайды..», «жері жақпайды..», «шығатын жер емес...» деген. Әр уақытта ондай пікірлер болады. Қазір осы жылдар ішінде Астана төңірегінде 70 мың гектар орман өсті. Мұны «Астана орманы» дейді, кейбіреулері «Президент орманы» дейді. Қалай аталғанымен, атасы отырғызған бақтың көлеңкесінің қызығын ұрпағы көреді.

 Елбасы «Жасыл аймақ» РМК Қызылжар орман шаруашылығын аралап, Астана қаласының жасыл белдеуін дамыту барысымен танысты.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 16 марал, 2 елік пен 150 қырғауылды орманға жіберді. 

Мемлекет басшысы еліміз үшін жақсы бастаманың іске асырылып жатқанын атап өтті. 

Қазiргi таңда Астана қаласы маңындағы жасыл белдеудiң жалпы аумағы 14 827 гектарды құрайды. Оның 11 502,2 гектар алқабына 9,6 млн ағаш пен 1,9 млн бұта отырғызылған.1998-2004 жылдар аралығында сүйелдi қайың, ұсақ және қау жапырақты шегiршiн, қарағай, көде боз жиде терек, сары қарақат, ақ көрiктал, шие, татар бөрiжидегi сынды негiзiнен жапырақ тұқымдас көшеттер отырғызылды. 

Сонымен қатар, бүгiнгi күнi Астананың жасыл белдеу аумағында қояндар өсiрiлiп, қырғауылдар мекендеуде.

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика