Инфрақұрылымның дамуы

«Қазпошта» АҚ-да кәсіпкерлікті трансформациялау бағдарламасы іске қосылды

Астанада компанияның басқарушысын мемлекеттік актив әкімшілерінен белсенді инвестор рөліне алмасуын қамтамасыз ететін компанияның «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасын қолдауға ниетті «Қазпошта» АҚ-ның кәсіпкерлікті трансформациялау бағдарламасы салтанатты түрде іске қосылды.
Астана қаласы30 Маусым , 17:48

«Қазпошта» АҚ ресми порталының хабарлауынша, кәсіпкерлікті трансформациялау бағдарламасы сегіз негізгі аспекті бойынша дайындалған. Атап айтар болсақ, онда мәліметтерді қолдан өңдеуді қамтып, экономикалық пайданы есептеудің ақылға қонымды жүйесін құрайды. Сонымен қатар, қаржылық мәліметтердің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Жаңғырту кеңесі Трансформациялау бағдарламасын іске асыру тетіктері мен негізгі қағидалары дайындалды, Директорлар кеңесі күшейтілді.

Сонымен қатар, Жаңғырту кеңесі тарапынан Трансформация бағдарламасын іске асыру үшін сапаны қамтамасыз етіліп, АТ саласындағы алдыңғы қатарлы әлемдік компания жетекшілерімен стратегиялық әріптестік құрылды.

«Қазпошта» компаниясында 36 адамнан тұратын кәсіпкерлікті трансформациялаудың жобалық командасы құрылды. Олар құрылымдық бөлім жетекшілері мен компанияның үздік қызметкерлері.




Яндекс.Метрика