Өңірлер

Баспасөз қызметі жұмысының ерекшелігі сақталуы керек – А.Мүкей

Бүгін «Қазконтент» АҚ «Мемлекеттік органдардың ғаламтор ресурсының контенттік қамтамасыз етілуі мен ілгерілетуі» тақырыбында мемлекеттік орган өкілдеріне өткізілген семинар барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей баспасөз қызметі жұмысының эксклюзивтілігінің сақталуы қажеттілігін айтты.
Астана қаласы30 Маусым , 16:41

«Біз баспасөз қызметі қызметкерлері ретінде мекемеміздің ақпараттық саясат стратегиясын құрамыз және оны іске асырамыз. Біз БАҚ арқылы осы стратегияға сай қоғамдық пікір қалыптастыру жолында еңбек етеміз. БАҚ-тарда ресми хабарлардың жедел тарауы баспасөз орталығының басты міндеттемесі. Сонымен қатар, баспасөз қызметі жұмысына нарықтағы үрдістерді бақылап отыру қызметі де енеді», - дейді А.Мүкей.

Оның айтуынша, мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің басты міндеті – мекеменің оң имиджін қалыптастырып, осы арқылы биліктің мүддесін қорғау.

«Біздің ереже – жеделдік, үзіліссіз жұмыс істеу, заң шеңберінен шықпау және құрылымдылықты қамтамасыз ету. Сонымен қатар біз эксклюзивті жұмыс істеуіміз керек. Және де бұдан бір сәтке де айнымауымыз керек, әйтпесе біздің жұмысымыз өз мәнін жоғалтып алады. Ақпарат бірінші кезекте ақиқаттан тұруы керек», - дейді.

Әрбір дереккөз 90-ыншы жылдардың басында баспасөз қызметінің жұмысы барынша шығармашылықты болғанын айтады. Қазіргі таңда жаңа технологиялардың пайда болуымен кез келген ұйымда өзінше ереже қалыптасты. Бұл өз кезегінде шығармашылыққа кедергі келтіреді.

«Жұмысымызда бірінші кезекте айрықша эксклюзивтілік сақталуы керек. Сонымен қатар біз барлық БАҚ түрлерімен бірдей деңгейде қызмет етуіміз керек», - дейді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін «Қазконтент» АҚ «Мемлекеттік органдардың ғаламторы ресурсының контенттік қамтамасыз етілуі мен ілгерідетуі» тақырыбында мемлекеттік орган өкілдеріне семинар өткізуде.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика