Астана күні

6 шілдеде Алматыда «Нұрсұлтан 2014» альпиниадасы өтеді

6 шілде күні Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитетінің қолдауымен 15-інші қазақстандық «Нұрсұлтан 2014» альпиниадасы өтеді.
Алматы қаласы30 Маусым , 19:41

Шараны ұйымдастырушылар Алматы қалалық әкімдігі, Алматы тау клубы, Қазақстан Республикасы Альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы, Қазақстан Республикасы ТЖМ, деп хабарлайды ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитеті.  

Шара бағдарламасында Оңтүстік жотасымен «Нұрсұлтан» шыңына (4376 м) өрмелеу, шымбұлақ базасынан спорттық жарыс түрінде ғимарат төбесіне жылдамдықпен көтерілу, тау басында демалыс пен экскурсия ұйымдастыру қарастырылған. Шараға кез келген адам қатыса алады.

Шараға барлық тілек білдірушілер қауіпсіздік сақтандыру құралдарымен ғана жіберіледі.

Аталмыш спорттық және демалыс шарасына қатысамын деген адам 5-6 күндері Шымбұлаққа таңертеңгі Алматының ескі алаңынан арнайы автобус арқылы қатынай алады. Жоспар бойынаш 5 шілдеде кешке және 6-сы күні таңертең олимиада қатысушылары үшін Шымбұлақтан Талғар шатқалына дейінгі арқан жолы тегін қызмет етпек. 




Яндекс.Метрика