Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

«Қазконтент» АҚ мемлекеттік органдардың ғаламтор ресурсын жылжыту семинарын өткізуде

Бүгін «Қазконтент» АҚ «Мемлекеттік органдардың ғаламтор ресурсының контенттік қамтамасыз етілуі мен ілгерілетуі» тақырыбында мемлекеттік орган өкілдеріне семинар өткізуде.
Астана қаласы30 Маусым , 16:07

«Бүгінгі таңда мемлекеттің алдында ақпараттық қоғамға өту – жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға өту тапсырмасы қойылып отыр. Бұл тек Мемлекет басшысының ғана емес, сонымен қатар әлемдік қауымдастық пен әлемдік стандарттардың талабы. Ақпаратты беру тәсілі бірте-бірте жетіліп, қазірде ғаламтор ақпараттандырудың ең маңызды құралы болып отыр. Сонымен қатар ол халық пен мемлекеттік органдарды байланыстырушы құрал болып табылады», - дейді «Қазконтент» АҚ ғаламтор жобалары бойынша атқарушы директоры Жандос Шолақов.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда ғаламтор-ресурстары – әрбір мемлекеттік органдардың қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар халықтың алдына ашылған есік пен заман ағысына еріп отырудың бір құралы. Ол үшін барынша жиі-жиі жаңарып, инновациялық құралдарды қолдана отырып қолданушылар мен мемлекеттік органдар байланысын оңтайландыру қажет.

«Қазконтент» АҚ ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мен мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын арттыру, сонымен қатар мемлекеттік органдардың ғаламтор ресурстарын жетілдіру мақсатында 30 мемлекеттік органдардың ғаламтор ресурсына мониторинг жасайды», - дейді Ж.Шолақов.

Сонымен қатар, семинарда SMM-ілгерілету саласындағы медиа-тренер ретінде Тимур Көбеков пен Әлімжан Бейсембаев, сонымен қатар «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Мүкей сөз алды.

Семинар барысында А.Мукей ғаламтор желілерінде мемлекеттік органдардың баспасөз қызметі жұмысы туралы және әлеуметтік медиадағы ілгерілетудің басты бағыттары мен бәсекелестік жағдайларындағы оңтайландыру заманауи мүмкінідіктері туарлы айтты.

«Баспасөз қызметі – баспасөз материалдары бойынша ақпараттарды саралау мен жинау бөлімі. Баспасөз қызметінің мақсаты – тиісті ақпараттардың халыққа жеткізілуі үшін баспасөз, радио мен телеарналарда барынша молынан материалдардың жариялануын қамтамасыз ету», - дейді.

Айта кету керек, аталмыш семинардың тиімділік көрсеткіші ашықтық деңгейінің артуы мен ғаламтор ресурстарына кіру санының артуы болуып табылады. 

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика