Астана күні

Елорда күніне орай үрмелі аспаптар оркестрінің шеруі өтеді

Астана күні қарсаңында мерекелік атмосфераны қалыптастыратын және тұрғындардың демалысына әсер беретін «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрінің халықаралық фестивалі ұйымдастырылады. Бұл туралы Астана қаласының 16 жылдығына арналған мерекелік шараларды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің медиа-штабынан хабарлады.
Астана қаласы30 Маусым , 15:18

Шараға ҚР Ұлттық ұланның Орталық әскери оркестрі (Астана), ҚР Қорғаныс министрлігінің үрмелі оркестрі, ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» үрмелі оркестрі (Алматы), Астана қаласының Мемлекеттік филармониясының үрмелі оркестрі және Тыва Республикасы үкіметінің үрмелі оркестрі қатысады.

5 шілдеде шара аясында музыкалық ұжымдар орталық көшелер мен ашық алаңдарда өнер көрсетеді әрі мерекелік салтанатты шеруге шығады. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, бұл концерттер үрмелі музыканың нағыз ғажайып көрінісі ретінде тұрғындардың есінде ұзақ сақталмақ.




Яндекс.Метрика