Астана күні

ҚР Президентінің Мұрағатында Астана күніне орай кеш өтеді

2014 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатында Астана күніне орай «Қазақстан астаналары - біздің тарих, біздің тағдыр» атты тарихи-мұрағаттық, музыкалық кеш өткізіледі.
Алматы қаласы30 Маусым , 15:03

Қонақтардың назарына  біздің барлық  төрт астаналарымызды (Орынбор (Ресей федерациясы), Қызылорда, Алма-Ата, Астана) жариялау және олардың көшірілу тарихымен  байланысты сол хронологиялық контексті қайта көрсететін  деректі көрме ұсынылады. 

Құжаттар ҚР Ұлтық Мұрағаты, ҚР Орталық Мемлекеттік мұрағаты, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама мұрағаты, ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларынан, сондай-ақ Орынбор (Ресей Федерациясы), Қызылорда, Алматы, Астана мұрағаттарынан, Алматы қаласының мұражайынан іздеп табылды.

Мұнда  сонымен қатар, біздің астаналарымыз, олар қалай салынды, дамыды және Қазақстан тарихында қандай рөл атқарғаны туралы деректі фильм көрсетіледі. Фильм ҚР кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатымен даярланған.

Сондай-ақ, тарихи-мұрағаттық, музыкалық композиция орындалады, оны даярлауға ҚР  Президентінің Мұрағаты, Алматы қаласының ұлттық мәдени орталықтары, Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, сондай-ақ Алматы және Қызылорда қалаларының өнер  ұжымдары қатысты.

Осы жылдар ішінде біздің астана әсерлі жетістіктерге жетті. Оның экономикалық көрсеткіштері он есе өсті, еліміздің ЖІӨ-де астананың үлесі айтарлықтай  ұлғайды. Қала экономикасының динамикалық дамуы оның тұрғындарының әл-ауқатының өсуіне ықпал етті.

Астананың халықаралық маңызы айтарлықтай өсті, аймақтық және глобальді қауіпсіздіктің нығаюына айтарлықтай үлес қосқан көптеген форумдардың өткізілетін орнына айналды. Астана еуразиялық интеграция мен жалпы әлемдік  конфессияаралық диалогтың астанасы ретінде мәлім. Қазір  біздің астана «Болашақ қуаты» ұранымен «ЭКСПО - 2017» Дүниежүзілік көрмесін өткізуге белсеңді даярлануда.




Яндекс.Метрика