Өңірлер

Қарағанды облысында инвестжобалардың жүзеге асу барысы талқыланды

Қарағанды облысында өңір басшысы Нұрмұхамбет Әбдібековтың қатысуымен өткен жиында табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық жобаларды іске асыру барысы талқыланды.
Қарағанды30 Маусым , 14:29

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылдың 1 қаңтарында 24 субъектінің шамамен 11,4 млрд теңгелік мақұлданған инвестициялық жобалары болған.  

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша нормативтен тыс шығындар толықтай жойылып, жылуэнериясы, сумен қамту және электрэнергиясының нормативті-техникалық шығыны айтарлықтай төмендеген. 2013 жылы «Қарағанды Жарық» АҚ-да нормативтен тыс және нормативті шығындарды төмендету бойынша инвестициялық бағдарламалар құны 8,2 млн теңгені құрап, жоспардың 103 пайызын көрсетті. Сонымен қатар, есептеудің автоматты коммерциялық жүйесін енгізуге 6749 млн теңге қарастырылды. Аталмыш жүйені енгізу шаралары уақытынан бұрын атқарылып, толықтай орындалды. «Қарағанды Су» ЖШС-де 2013 жылы салынған инвестиция көлемі шамамен 717 млн теңгені құрады, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 660 млн теңге болатын.

Инвестиция салу есебінен 9,8 км су құбыры желілеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, 57 су тарту станциясы жөндеуден өтті. Су сору кәріз жүйелері жаңғыртылды. Сонымен қатар, 41 автоарнайы техника алынды.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы инвестициялық міндеттемелерді атқару бойынша тиісті орындарға бірқатар тапсырмалар берді. 




Яндекс.Метрика