Өңірлер

СҚО-да «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуы талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде әкім Ерік Сұлтановтың төрағалығымен «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланды.
Шығыс Қазақстан30 Маусым , 14:12

Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 2011-2013 жылдары облыста 460 км су құбыры салынған. 2014 жылы 34 сумен қамту нысаны құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 2,93 млрд теңге бөлінген.

«Жыл қорытындысы бойынша 1,66 мың адамдық 4 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіп, 1,65 мың адамдық 3 елді-мекеннің сумен қамту жүйесін жетілдіру жоспарланған», - дейді құрылыс басқармасы жееткшісі Ратмир Ахметов.

Өңір басшысы Ерік Сұлтановтың айтуынша, мемлекеттік бағдарламалардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, тұрғын үйлерге су тарту жұмыстарын жалғастыра түсу қажет. Сөз соңында әкім тиісті басқарма бастықтарына бірқатар тапсырмалар жүктеді. 




Яндекс.Метрика