Саламатты Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы

ШҚО-да нашақорлықтың алдын алу акциясы өтті

ШҚО-ның Катон-Қарағай ауданында жастардың қатысуымен «Есірткіге жол жоқ» тақырыбында акция өтті. Ол «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асыру барысындағы нашақорлықтың алдын алу айлығының аясында өтті.
Шығыс Қазақстан30 Маусым , 13:52

Акция аясында Үлкен Нарын  ауылының  жастары мен Катон-Қарағай ауданының жастары «Есірткіге жол жоқ» буклеттерімен шықты, деп ШҚО ақпараттық орталығы хабарлады.

Катон-Қарағай ауданы жастар орталығының өкілі Жанна Дүспектің  айтуынша, шара жастармен қоғамның назарын  нашақорлық проблемасына қаратуға бағытталған.

Акция барысында қатысушылар ақпараттық-насихаттық материалдар таратты. Сондай-ақ, аудандық балалар кітапханасында «Біз салауатты өмір салты үшін» акциясы ұйымдастырылды.

 




Яндекс.Метрика