Астана күні

Қуатты мемлекеттің астанасы да қуатты болуы керек – М.Ысқақов (ВИДЕО)

Қуатты мемлекеттің астанасы да қуатты болуы керек, дейді елордалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Астана қаласы 30 Маусым, 14:46

«Биыл еліміздің астанасына 16 жыл толғалы отыр. Бұл біздің он алты жылдық еуразиялық кеңістіктегі орнымыздың қалыптасу кезеңі, еліміздің жаңа деңгейге көтерілгенінің белгісі, халқымыздың жаңа белеске жеткенінің өлшемі», - дейді елордалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Мейрам Ысқақов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, кез келген мемлекеттің астанасы өзінің заманауилығымен және өзіне тән артықшылықтарымен халықты, лауазымды тұлғаларды тартып, жұрттың қызығушылығын оята білуі тиіс.

«Мемлекеттің атқарып жатқан жұмыстарын біз өзге емес елдің астанасынан көреміз. Қуатты мемлекеттің астанасы да қуатты болуы тиіс. Астана деген заманауи үрдістерден қалыс қалмай, өзіне тән ерекшеліктеріне де ие болғаны жөн», - дейді ол.

Департамент бастығының айтуынша, заманауи елорда елдің имиджін көтеріп, кез келген азаматқа мақтаныш сезімін ұялатады.

«Өзге халықтарға көз сала отырып біз ешқашан да өзімізді өзгеден төмен санай алмаймыз. Өйткені біздің еліміз де, елордамыз да кез келген мемлекетпен қатар деңгейде дамып келе жатыр. Сонымен қатар, біз алдағы уақытта еліміздің бұдан ары өркендей түсетініне титтей де күмән келтірмейміз», - дейді. 





Яндекс.Метрика