Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Бейбітшілік пен тыныштық орнатқаны үшін Президентімізге алғысымыз шексіз – Т.Мұқанова

Қазақстанда түрлі дін мен ұлт өкілдерінің өзара бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп отырғаны үшін Президентімізге алғыс айтамын, дейді Ақтөбе қаласының тұрғыны, көпбалалы ана, «Алтын алқа» төсбелгісінің иегері Төрехан Мұқанова Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
Ақтөбе30 Маусым , 12:36

Оның айтуынша, жолдасы Жұмабаймен бірге олар 10 бала өсіріп отыр. Балаларының барлығы бүгінде бір-бір отбасы болып, түрлі салаларда еңбек етуде.

«Бүгінде немере мен шөбере сүйіп отырған жайымыз бар. Үлкен үйге барша әулеттің жиналуы өз алдына бір үлкен ғанибет қой. Елімізде осындай береке орнап, түрлі дін мен ұлт өкілдерінің өзара бейбітшілік пен татулықта өмір сүріп отырғаны үшін өз басым Елбасына мол алғыс білдіремін. Бірлік болмай тірлік болмайды. Бұны біз еліміздің индустрия мен әлеуметтік салаларынан байқай аламыз. Соның ішінде ұлт саулығы, ана мен баланы қорғау жағынан біздің еліміз алдыңғы қатардан көрінеді. Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйелдердің ұлт тірегі екенін баса айтқаны анық. Қандай ұлт болмасын отбасынан, ондағы ұрпақ тәрбиесінен басталатыны белгілі. Осы орайда әйелдердің мойнына үлкен міндет жүктеледі. Қазақстанда атқарылып жатқан шаралардың барлығы ұрпақ келешегі үшін атқарылуда. Атап айтар болсақ, мектепке дейінгі білім беру мекемелері көптеп салынып, жаңа білім ордалары ашылуда. Оның үстіне бұл үрдістің ауылдық жерлерді де қамтуы мені қатты қуантады», - дейді көпбалалы ана.




Яндекс.Метрика