Евразиялық одақ

Қазақстан халқы мен экономикасы ЕАЭО-ның мүмкіндігін кеңінен пайдаланатындай тетіктер құру керек – Қ. Жақыпов

Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов парламентшілердің алдағы кезеңге бағытталған заңнамалық жұмысына тоқталды.
Астана қаласы30 Маусым , 11:32

«Біз аталған одақтан Қазақстан халқы мен экономикасы барынша пайда көретіндей құқықтық тетіктер қалыптастырып, заңдар қабылдауымыз керек»,- деді Қ. Жақыпов.

Сондай-ақ, ол мемлекеттік жастар саясаты туралы, төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы басқа да жұмысқа алынған заң жобаларын жетілдіру мен қабылдау.

Спикердің атап өткеніндей, сонымен қатар, қолданыстағы заңдардың орындалуына қатысты парламенттік бақылауды жетілдіру, заңның негізгі ұстанымдарын сақтау, ғылымға қатысты шараларды қолға алу қажет.

Қабылданған заңдарды насихаттауға айрықша назар аудару да маңызды.

«Елбасының саясаты тікелей Заңдарда көрініс табады және жүзеге асырылады. Сайлаушыларға соның ішінде шалғай елді-мекендерде тұратын халыққа бұрынғы және қазіргі құжаттардың не үшін қабылданғанын,  ескілердің неге жойылғанын, жаңа заңның қандай қажеттіліктен пайда болғанын білу өте маңызды деді»,- Қ. Жақыпов.

Үшінші сессия жұмысын қорытындылай келіп, Мәжіліс Төрағасы  заңнамалық бастамалардың жоғары қарқынын, соның ішінде, депутаттық корпустың белсенділігін, саяси партиялардың парламенттік фракциялары, Парламент пен Үкімет   арасындағы сындарлы қарым-қатынас, кең көлемді халықаралық әріптестік, азаматтық қоғам институттарымен және кәсіби қауымдастықтармен жемісті үнқатысуды атап өтті. 

Айта кетейік, ЕАЭО келісіміне 2014 жылдың 29 мамырында үш ел, Беларусь, Ресей, Қазақстанның мемлекет басшылары қол қойған болатын. 

Мадина Нұрбекова 

 




Яндекс.Метрика