Парламент

Депутаттар мемлекеттік тілде заң жобаларын әзірлеуге дайындалу қажет – Қ. Жақыпов

Бүгін ҚР Парламенті қос палатасының отырысында Мәжіліс төрағасы Қабиболла Жақыпов депутаттарға барлық қазақстандықтарға үлгі көрсетіп, қазақ тілінде заң жобаларын әзірлеу керектігін айтты.
Астана қаласы30 Маусым , 11:23

«Тәуелсіздік жылдары  Қазақстанда 2,5 мың заң қабылданды. Осы 23 жыл ішінде Үкімет бір де бір заңды мемлекеттік тілде дайындаған емес. Ал депутаттар қазақ тілінде екі заң жобасын ғана ұсынды», - деді ол.

Мемлекет басшысы атап өткендей, бұл сұрақ саяси пікірталас арқылы шешілуі тиіс, әрбір қазақстандық қазақ тілінде үйде де, түзде де сөйлесуі тиіс.

«Тек осындай жолмен ғана мемлекеттік тілді қолдану аясы кеңейеді. Осыдан шыға келе оның дамуына қосатын біздің бірден бір үлесіміз ол Парламенттің мемлекеттік тілде заң жобасын дайындауы», - деді Мәжіліс төрағасы.

«Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, 2013 жылы қазақ тілді жоғары оқу орнын бітіргендер саны 85 мыңды құрады, ал 2014 жылы 89 мыңға жетті. Қазақ тілінде 4200 заңгер маманы түлек атанды», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика