Парламент

Қазақстан Парламенті бесінші шақырылымның үшінші сессиясын аяқтады

Қазақстан Республикасы Парламенті 100-ден астам заңды қабылдай отырып бесінші шақырылымның үшінші сессиясын аяқтады, деп мәлімдеді бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов.
Астана қаласы30 Маусым , 11:21

«Бүгін біз бесінші шақырылымның үшінші сессиясын аяқтап отырмыз. Біздің шақырылымға Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елінің қатарына енуі жолындағы экономикалық және әлеуметтік жаңғыртуды заңнамалық қамтамасыз ету бойынша айтарлықтай міндеттер жүктелді. Жалпы, бесінші шақырылымның үшінші сессиясының басынан бастап Парламенттің қарауында 154 заң жобасы болса, оның 114-ін Үкімет, он бірін депутаттар енгізді,  ал 29 заң жобасы алдыңғы сессиялардан өткен», - деді спикер.

Спикердің айтуынша, қаржылық-экономикалық блоктың маңызды заңдары қатарында бюджеттік заңнама, мемлекеттік сатып алу, екінші деңгейлі банктердің жұмысын қайта ұйымдастыру, қаржы және инвестициялық пирамидалар қызметіне қарсы тұру, қалпына келтіру және банкроттық, сонымен қатар  салық салу жүйесін жетілдіру қарастырылды.

«Тұрғын үй және көлік салығын көтеру туралы мәселені қарау кезіндегі парламенттің ұстанған қағидасы үлкен талқылауға ұшығады. Бұның үкіметтік нұсқасы әділдіктен барынша алшақ еді. Нәтижесінде еліміздің, сонымен қатар азаматтар мен салық төлеушілердің мүдделерін теңдей қорғайтын шешім қабылданды», - дейді Қ.Жақыпов.

Жалпы,үшінші сессияда Парламент 104 заң қабылдаған, Президент 80 заңға қол қойды. Сондай-ақ, мемлекеттік деңгейдегі көптеген өзекті мәселелер бойынша Парламент депутаттары атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларына барлығы 444 депутаттық сауал жолдаған.  

Камила Амирова 




Яндекс.Метрика