Өңірлер

«ҚазАгро» қараусыз қалған жерлерді фермерлерге игеруге жәрдемдеседі

«ҚазАгро» Ұлттық холдингі өз жерлерін игере алмай жүрген шаруашылықтарға көмек көрсетуді көздеп отыр. Басқарушы холдинг құрған бағдарлама Қазақстандағы ауыл шаруашылық бағытындағы қараусыз қалған жерлерді айналымға енгізуге түрткі болу керек. Мұндай гектарларды өңдеу Ақмола облысы шаруа жерлерінде басталды.
Казахстан30 Маусым , 12:14

«Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» РМК / МемжерҒӨО/ мәліметтері бойынша 2012-2013 жылдары республиканың ауыл шаруашылығына арналған 90 млн.га жердің 61,2 млн.гектары немесе 65,9%-ы инвентаризацияланды. Жүргізілген инвентаризация барысында 5 млн.га жер алқаптарында ауыл шаруашылыққа арналған 12,0 мың гектар жер қараусыз қалғандығы анықталды, оның ішінде 669,9 мың га жер егістік жерлері, соның 14,6 мың гектары – суармалы. МемжерҒӨО мәліметтеріне сәйкес қараусыз қалған 2,5 млн.га жер шамасының негізгі аумағы шаруалар мен фермерлік шаруашылықтардың иеленуінде екендігі белгіленді, деп холдингте хабарлады.

Ауылдықтардың жер алқаптарын мақсат бойынша қолданбауының бірнеше себептері бар, дегенмен, ең бастысы – ауыл шаруашылық техникасының жоқтығы немесе жетіспеушілігі және қаржыландыруға қол жеткізу үшін өтімді кепілзат мәселесі.

Ереже бойынша қараусыз қалған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, ал жер иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «ҚазАгроның»  «Есіл» ӘКК қатысуымен пилотты түрде жүзеге асырылған жобасы шаруашылықтарға өз жерлерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар жақсы егін өнімдерін алуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика