Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«Жасыл академия» мен ЭБЖМ аквамәдениетті дамытуға қатысты семинар өткізеді

«Жасыл академия» ғылыми білім беру орталығы мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі ағымдағы жылдың 4-5 шілдесінде «Биоалуандықты сақтау және аквомәдениет дамыту» тақырыбында семинар-тренинг өткізеді.
Нұр-Сұлтан30 Маусым , 09:29

Семинардың мақсаты – биоалуандықты сақтау, тауарлы балық шаруашылығы мен аквакультура дамыту саласындағы әлеуетті арттыру, деп ведомствода хабарлады.

Семинар аясында қатысушылар Балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын әзірлеу барысымен, Қазақстанда биоалуандықты сақтау және орнықты пайдалану тұжырымдамасы жобасымен, балық шаруашылығының тиімділігін бағалау индикаторларымен, аквакультура саласындағы халықаралық тәжірибе мен технологияларымен, Қазақстанда тауарлы балық шаруашылығы және аквакультура қолдау тетіктерімен танысатын болады.

Семинардың лекторлары ретінде ҚР Статистика агенттігі, «Қазақ балық шаруашылығы» балықшылар мен балық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы, «КазАгроинновация» АҚ агроөнеркәсіптік кешенінде экономикалық саясат талдау орталығы өкілдері, БҰҰДБ биоалуандық бойынша жобасының, ЕҚДБ сарапшылары және басқалар шақырылады.




Яндекс.Метрика