Өңірлер

Алматыда Жамбыл облысы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті

Алматыда Жамбыл өндірушілерінің ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті.
Алматы қаласы29 Маусым , 15:02

Мұнда Жамбыл облысының тауар өндірушілері 225 тонн адан астам өнімдерді ұсынады. Сонымен қатар, Алматы қаласының 40 сауда және тамақ өнеркәсібі мен «Алматы» ӘҚК қалалық жәрмеңкеге өз өнімдерін қояды.

Қалалықтарға 50-ден астам тауар түрлері ұсынылады. Олар - ет, сүт, жеміс, көкөніс, шұжық, жарма, ұн, май және басқалары. Бұлардың бағасы базардағыдан 15-20%-ға төмен.

Жәрмеңке деңгейі мен тауар сапасын Алматы әкімі Ахметжан Есімов пен Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкрекбаев бағалады.

Мегаполис басшысы Жамбыл облысының тауарына алматылықтардың сұранысы жоғары екенін айтты.

«Алматы әкімдігінің негізгі мақсаттарының бірі -қала тұрғындарын сапалы тауармен қамтамасыз ету. Осы мақсатта әр түрлі аймақтың жәрмеңкесі 2008 жылдан бері өтуде.», - деп хабарлады әкімдікте. 




Яндекс.Метрика