Өңірлер

«Сабантой-2014» - еңбек пен өнім мерекесі

«Жастар» сарайының алдындағы жазғы алаңда молшылықтың, достықтың және еңбектің дәстүрлі мерекесі «Сабантой-2014» атап өтілді.
Астана қаласы29 Маусым , 14:33

Келушілерге татар және башқұрт халқының ұлттық тағамдары ұсынылады, байқаулар мен дәстүрлі ойындар (иінағаштармен жүгіру, қаппен жүгіру және т.б.), спорттық жарыстар («Көрәш» - белдік күрес, «Арқан тартыш» - арқан тарту) өткізіледі, ал балалар арнайы ойын алаңында ұйымдастырылатын қызықты ойындарға қатысады. Байқау мен жарыстардың жеңімпаздары мен қатысушыларына бағалы сыйлықтар берілді.

Сабантой татар және башқұрт халқының ұлттық мерекесі, онда дос-жарандар мен туысқандар бас қосады. Аталмыш мереке елордада да жыл сайын өткізіледі және адамдардың бойында мейірімділік, әділдік, достық пен толеранттылық қасиеттерді қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

 




Яндекс.Метрика