Өңірлер

Астанаға ОҚО кәсіпкерлері 200 тонна өнім әкелді

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген керуен Елордаға келді.
Астана қаласы29 Маусым , 11:06

Елордаға жол тартқан керуенде қызанақ, қияр, болгар бұрышы, картоп, қырыққабат, қара өрік, шие және бақша өнімдері мен күркетауық еті әкелінді.

 Астаналықтарға арналған тартудың салмағы 200 тн. жуық және бұл өнімдер нарықтағы құнынан 15-20 пайыз бағада сатылымға шығарылады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

«Облыста жыл сайын 800 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 92 мың тн жеміс-жидек және 55 мың тонна жүзім өндіріледі. Бұл облыс халқының қажеттілігін көкөністен - 2 есеге, бақшадан - 6 есеге, жеміс-жидек пен жүзімнен - 3 есеге артық. Сондықтан біз артық өнімдерімізді Республикамыздың солтүстік өңірлері мен алыс, жақын шет елдерге экспортқа шығарудамыз» дейді, - облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Тұрғанбек Үсенбекұлы.




Яндекс.Метрика