2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысы жобаларының бірі балаларды әлеуметтік қорғауды өзгертуге бағытталған

«Қазақстан-2050» қозғалысы жобаларының бірі балаларды әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бұл туралы бүгiн «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы барысында Strategy2050.kz АА берген сұхбатта «Сәбимен шаңырақтың сәнi кiрер» атты жобаның үйлестiрушiсi Шолпан Байболова мәлiмдедi.
Астана қаласы28 Маусым , 14:03

«Мен Қазақстанның гүлденуi мен дамуында өз үлесiмды қосқым келедi. Сол себептi мен «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысына қосылдым. Менiңше, аталмыш қозғалыстың маңызы зор. Мен балаларға қатысты жобаны жүзеге асырамын. Өйткенi Қазақстан халқының үштен бiр бөлiгiн балалар құрайды. Бiздiң белсендiлiгiмiз арқылы балалардың болашағы айқындалмақ. Сондықтан да балаларға мейiрiмдi көп бөлуiмiз қажет», - дейдi Ш.Байболова. 

Ол «Қазақстан 2050» стратегиясы елiмiздiң ертеңгi келбетi, дамыған елiмiздң айнасы екендiгiн атады. Оның айтуынша, Стратегияда адами ресурстарға баса назар аударылуы қуантады. «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы арқылы жастарды елжандылыққа тәрбиелеу керек. 

Форум жұмысына елiмiздiң әр түпкiрінен 400-ден астам делегат қатысуда. Шараның басты мақсаты – ел халқын «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыру. Форум барысында «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстың түрлi жобалары талқылануда.

Сондай-ақ экономика мен мемлекеттiк басқаруға қатысты «Қазастан 2050: әлемдегi ең үздiк мемлекеттiк басқару жүйесiн қалай құру қажет?», «Қазақстан 2050: әлемдегi ең мықты экономиканы қалыптастыру жолы» сынды тақырыптар арқау болмақ.

Мадина Нұрбекова 




Яндекс.Метрика