2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысы Қазақстанның шағын қалаларының өмір сүру сапасын зерттейді – Д. Хайрикенова

«Қазақстан-2050» қозғалысы Қазақстанның шағын қалаларының өмір сүру сапасын зерттейді, бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының 1 форумында қозғалыстың белсендісі Динара Хайрикенова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында мәлімдеді.
Астана қаласы28 Маусым , 13:03

«Қозғалыстағы жұмысым  қала өмірінің сапасын зерттеуге шақырудан басталды. Зерттеу уақыты-3 ай. Біз аяқталуға жақын қалдық. Біз қаланың өмір сүру деңгейін, адамдардың өмір сүру сапасын зерттейміз.Бұл адамдардың көп бөлігі 9 млн адам немесе тұрғындардың 55 пайызы. Біз қазір адамдардың өмір сүру сапасына әсер ететін көрсеткіштерді табудамыз. Бұл табиғи және жасанды дүниелер – климат, мекемелер, көшелер, инфрақұрылым», - деді ол.

Оның айтуынша, зерттеу жұмыстары мамыр айында басталды. Оны 2014 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған. Қозғалыс нәтижені жариялайды.

«Зерттеу кешенді түрде өтті, оның құндылығы біз Қазақстанның 87 қаласын қамтимыз. Әсіресе, біз шағын қалаларға көңіл бөлеміз», - деді ол.

«Екінші жағдай – өмір сүру сапасы тек бір ғана емес көптеген көрсеткішке тәуелді болып келеді», - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының 1 форумы өтті.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика