2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан-2050» қозғалысы біріккен күшке айналды - Б. Рябуха

Бүгін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының 1 форумында Strategy2050.kz АА берген сұхбатында БКБ жетекшісі Борис Рябуха «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан-2050» қозғалысы біріккен күшке айналды деп мәлімдеді.
Астана қаласы28 Маусым , 12:28

«Біз форумға Президенттің бастамасын қолдауға  келдік, сондай-ақ, оның біздің елдің дамуына бағытталған, экономикалық мықты мемлекет құруды көздеген Стратегиясын да қолдаймыз. Осы мақсаттарға жету барысында бірігу үшін келдік. Біз үшін Президенттің Стратегиясы мен аталмыш қозғалыс біріккен күшке айналды», - деді Б. Рябуха.

Оның айтуынша, «Қазақстан-2050» Стратегиясының мәтінін оқысақ, бір негізгі идея жатыр, ол қазақ елін бір мақсаттың ішінде көруі, барлығының  қалауы – бір.

«Стратегияда жетекші технологиялармен қамтылған мемлекеттік бейнесі суреттеледі. Сондықтан да «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалыстың құрылуы үлкен жетістік, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика