2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Біздің отбасымыз-біздің күш-қуатымыз» жобасы 65 ауланы біріктіреді – Қ. Шипин

«Біздің отбасымыз-біздің күш-қуатымыз» жобасы 65 ауланы біріктіреді, деп бүгін «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының 1 форумында Strategy2050.kz АА берген сұхбатында «Біздің отбасымыз-біздің күш-қуатымыз» белсендісі Қанат Шипин мәлімдеді.
Астана қаласы28 Маусым , 12:16

«Аталмыш жоба 2014 жылдың 14 маусымында ұйымдастырылды, бірден Қазақстанның барлық өңірлерінде іске қосылды. Елдің 65 ауласында ойындар, тренингтер, семинарлар ұйымдастырылатын  болады. Аталмыш шаралардың көмегімен барлық аулалар бірігіп, бірге жұмыс істейтін болады», - деді Қ. Шипин.

Оның айтуынша, жобаны жүзеге асыру шілденің ортасында басталады. Ол үшін қатысушылардың методикасы мен бапкерлер дайындалды.

«Қазіргі таңда көршілер арасында келіспеушіліктер бар. Біз аталмыш жоба арқылы бірлікте күн кешкен Қазақстанды құрғымыз келеді. Ол үшін ойындар, семинарлар, тренингтер өткізетін боламыз», - деді ол.

«Жобаға кез келген адам қатыса алады. Бүгін жоба құрамында адам баршылық. Күн санап қатысушылар саны өсуде. Жастар да үлкендер де қызығушылық танытуда», - деді ол.

Мадина Нұрбекова




Яндекс.Метрика