Өңірлер

Әрбір ауданда өз ісін бастаушы кәсіпкерлер үшін бизнес-мектептер ашылады – ҰКП

Бұл туралы «Ауылым – алтын бесігім» ІІ Халықаралық ауыл жастарының форумында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Асқар Әбубәкіров хабарлады.
Астана қаласы29 Маусым , 15:34

«Өңірлерде адамдар көбінесе өз ісін қалай ашарын білмейді, қаржыландыру көздерін немесе мемлекеттің қолдауын таба алмайды. Бұл кәсіпкерлік пен бизнес-білімділіктің төмен деңгейіне куә. Бұл ақыр соңында ауылдардағы жұмыссыздықтың ұлғаюына себеп болып шығады», - деп атап өтті А. Әубәкіров.

Ұлттық палата бұл проблеманы барлық аудан орталықтарында ісін бастаушы кәсіпкерлерге арнап бизнес-мектептер құру жолымен шешпекші. Бастапқы бизнеске оқытудың барлық мемлекеттік бағдарламалары бірыңғай бағдарламаға біріктірілетін болады. Оның операторы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы болмақшы, деп палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл мектептерде ауылдық жас кәсіпкерлерді шағын бизнес-жобаларын іске асыруға үйретеді. Ұлттық палатаның жәрдемімен шығарылған «Шағын бизнеске арналған 100 жоба» анықтамалығы жақсы көмекші болып табылатынын айта кетейік. Онда әрбір жоба бойынша бизнес-жоспар егжей-тегжейлі сипатталған, сондықтан да бизнес-мектептер жұмыс жасағанда бұл анықтамалықты барынша көптеп қолданатын болады.

Ауылдық жастар форумын Ұлттық палата ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті мен Еңбектенуші және ауыл жастары қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырды.




Яндекс.Метрика