2050 Стратегиясы– жастар буынының бағыты

«Қазақстан-2050» қозғалысы «Сын тұрғысынан ойлаудың негiздерi» жинағын шығарады -.Ғ. Бекахметов

«Қазақстан-2050» қозғалысы «Сын тұрғысынан ойлаудың негiздерi» жинағын шығарады, бұл туралы бүгiн «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының I форумы барысында Strategy2050.kz АА берген сұхбатында қозғалыстың белсенді мүшесі, кәсіпкер Ғабит Бекахметов мәлiмдедi
Астана қаласы28 Маусым , 11:59

 «Бүгiнгi форумды өзара тәжiрибе алмасудың, атқарылған iстердi қорытындылап, алдағы уақытта атқарылар бағыт-бағдарды айқындап, iс-шараларды жоспарлайтын алаң деп бағалауға болады. Түрлi сала өкiлдерiнiң бас қосуы жаңа идеялардың туындауына, күрмеуi қиын мәселелердi оңтайлы шешудiң жолдарын қарастыруға мүмкiндiк бередi. Ғылым докторларының, дәрiгерлердiң, мемлекеттiк қызметшiлердiң және басқа мамандық иелерiнң идеяларын бiр жерге тоғыстырып, мардымды дүние шығаруға болады», - дейдi Ғабит Бекахметов. 

Сонымен қатар, ол бүгiнде «Сын тұрғысынан ойлаудың негiздерi» атты еңбегiн жазып шығарғандығын атап өтті. Бұл жоба ел дамуы үшiн аз да болсын үлес қосатындығын айтты. Кiтап бүгiнде әлеуметтiк желiлер арқылы жастарға таратылуда. 

«Елбасы өз сөзiнде сыни тұрғыдан ойлауды дамыту туралы айтқан едi. Бұл өте маңызды әрi уақытылы айтылған ұсыныс. Осы идеяны қолдап, Әйгерiм Қоржымбаевамен бiрлесiп «Сыни тұрғыдан ойлау негiздерi» атты кiтап әзiрледiк. Өйткенi қазiргi таңда жастардың сыни тұрғыдан ойлап, өз пiкiрiн ашық әрi нық бiлдiруі маңызды», - деп қосты Ғ.Бекахметов. 

бүгiн Астана қаласында «Қазақстан-2050» жалпы ұлттық қозғалысының I форумы өтіп жатыр. 

Форум жұмысына елiмiздiң әр түпкiрінен 400-ден астам делегат қатысуда. Шараның басты мақсаты – ел халқын «Қазақстан 2050» стратегиясын жүзеге асыруға жұмылдыру. Форум барысында «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсат-мiндеттерiн жүзеге асыруға бағытталған қозғалыстың түрлi жобалары талқылануда.

 




Яндекс.Метрика